Алматы облысында гепатиттің 64 жағдайы тіркелді
Алматы облысының дәрігерлері биыл созылмалы В вирустық гепатитінің 64 жағдайын анықтады. Өңірде тұрғындарды жоспарлы түрде вакциналау жұмыстары жалғасып жатыр.
Алты айдың ішінде 9 мыңнан астам бала мен мыңға жуық ересек адам екпе алды. Жаңа туған нәрестелердің басым бөлігіне вакцинаның алғашқы дозасы перзентханада салынған. Дәрігерлер вирустың ұзақ уақыт бойы еш белгі бермеуі мүмкін екенін ескертеді. Ерте диагностикалау мен екпе алу, аурудың ауыр салдарын болдырмауға көмектесетін айтады.
Әсем Мүсірепова, жұқпалы аурулар дәрігері:
- Гепатит А ол кішкене жеңіл түрінде өтеді, алиментарлық жолмен жұғатындықтан оның жұғу қаупі өте жоғары. Өйткені бізде қазір тазалық сақталу, содан кейін көп асхана ашылған ғой, сол жақтан тамақтану жиілеп кетті, яғни сырттан тамақтану. Гепатит В түрі ол ауырырақ жүреді және асқынулары көп. Бауырдың циррозына дейін алып келуі мүмкін. Сондықтан кішкентай кезінен бастап екпені алғанымыз жақсы.