Орман өрттері: Батыс Қазақстанда жалын әлі ауыздықталған жоқ
Елде де орман өрті тұтанды. Қазір Батыс Қазақстан облысында қызыл жалынды сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Оған Орман шаруашылығының, Мемлекеттік орман күзетінің және төтенше жағдайлар қызметінің күштері мен техникалары жұмылдырылған. Ал Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарындағы орман өрттері толық жойылды. Өрт ошақтары мемлекеттік орман күзетінің жерүсті патрульдеуі барысында дер кезінде анықталып, кең аумаққа таралуына жол берілмеді.