Олимпиада жәдігерлерінің көрмесі ашылды
Олимпиада ойындарының 1896 жылдан бергі тарихы көрермен назарына ұсынылды. Ұлттық музейде Афинадан Астанаға дейінгі жәдігерлер қойылған.
Жинақтаушы Владимир Потанин. Бүгін көрменің ресми ашылуы. Жұртшылық 30 шілдеге дейін әлемдік доданың өткені мен бүгінін ой елегінен өткізе алады. Айта кетейік, мәдени-спорттық шара «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі қарсаңында өтіп жатыр. Көрмедегі жәдігерлердің бәрі түпнұсқа. Ұзын саны 140-қа жетеді. Марапаттар, естелік медальдар, олимпиадалық алаулар мен дипломдар бар. Сондай-ақ атақты спортшылардың жеке жабдықтары да қойылған. Заман талабына қарай нейрожелілік технологиялар да қолданылған. Олимпиадалық дипломдардағы ежелгі құдайлар мен спортшылардың бейнелері «жанданып», ерекше әсер сыйлайды. Еске салайық, аталған көрме бұған дейін Мәскеу, Сочи және Бейжің қалаларында, Минскі, Қазан және Санкт-Петербургте көрсетілген болатын. Енді Астанада есігі айқара ашылды.
Лев Белоусов, «Владимир Потаниннің олимпиадалық коллекциясы» жобасының жетекшісі:
- Бұл олимпиадалық коллекция ерекше, бірегей деуге болады. Осындай үзідіктерін есептесек, саны оннан көп емес. Сонымен мұнда 400-ден аса мұра бар. Кубертен заманынан басталатын олимпиадалық медальдар және бүгінгі заман Олимпиадасы қамтылған. Владимир Потаниннің өзі айтпақшы, әлемдік олимпиадалық мұраның бір бөлігі саналатын тарихи жәдігерлер шекараға қарамастан қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы тиіс.