Ақтөбеде жол апатынан үш кенші қаза тапты
Самара — Шымкент тасжолының Хромтау қаласы маңында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды «24KZ».
Жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапты.
Оқиға кеше кешкі уақытта болды. Қаза тапқандар — кеншілер, Дөң кен-байыту комбинатының жұмысшылары. Олар өз жеке көлігімен жүрген.
Хромтау қаласы маңында Audi және ГАЗель автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi автокөлігінің жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізу кезінде қайтыс болды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы мен себептері анықталып, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз