Испанияда жол апатынан 83 адам зардап шекті  

Жетеуінің жағдайы ауыр. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады. Жол апаты Барселона мен Жирона қалаларының арасындағы тасжолда болған, деп хабарлайды 24KZ.

Автобус тау беткейінде жолдан шығып кеткен.. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін оқиға орнына 23 медициналық бригада мен екі тікұшақ жіберілді. Апаттың нақты себептері әлі белгісіз. Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: