Оралда жас құтқарушылар арасында чемпионат өтіп жатыр

Оралда жас құтқарушылар арасында ел біріншілігі өтіп жатыр. Чемпионатқа 14 команда келген.

Олар шабуыл сатысымен көтерілу, 100 метрлік кедергілер жолағынан өту, эстафета, өртті сөндіруге дайындалу секілді сынақтардан өтеді. Мақсатымыз - жастар арасында өрт сөндіру-құтқару спортын дамыту, құтқарушы мамандығын дәріптеу, дейді ұйымдастырушылар. Оқ бойы үздік шыққандар ұлттық құрама сапына алынып, әлем чемпионатына қатысады. 

Данияр Әбдіхалықов, сайыстың аға төрешісі:                                     

- Чемпионат осымен 15-ші рет жасөспірімдер және жастар арасында өтіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша бапкерлер штабы ең мықтыларды іріктеп алады. Олар тамыз айында Мәскеу облысында өтетін әлем біріншілігіне қатысады. Келешекте ересектер командасына кіреді, кадр резервіне алынады, Төтенше жағдайлар министрлігі сапында еңбек етеді.