Семейде сарапшылар клубының аймақтық отырысы өтті

Оған саясаттанушылар, әлеуметтанушылар және азаматтық сектор өкілдері қатысты. Жиында Құрылтайдың жаңа құрамында өңір тұрғындарының мүддесін тиімді таныстыру мәселесіне тоқталды.

Қатысушылар азаматтардың сайлауға деген қызығушылығы мен қоғамдық пікірді көрсететін әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерін талқылады.

Риззат Тасым, Қазақстан қоғамдық даму институты Институционалдық талдау және реформалар орталығының директоры:

- Қазақстан қоғамдық даму институты жүргізген соңғы әлеуметтік зерттеудің қорытындысына сәйкес ел тұрғындарының шамамен 70 пайызы алдағы сайлауға қатысуға ниетті екенін білдірді. Сонымен қатар Абай облысының тұрғындары да сайлау науқанына жоғары қызығушылық танытып отыр.