Сарапшы: Құрылтай сайлауы – Қазақстан тарихындағы маңызды кезең
Құрылтай сайлауына қатысты әлемдік сарапшылар пікір білдіріп жатыр.
Малайзия Парламентінің бұрынғы сенаторы, заңгер Юсмади Юсофтың пайымынша, алдағы сайлау заң шығару жүйесіне оң өзгеріс әкеледі. Әрі билік тармақтары арасында тепе-теңдікті сақтап, бақылау тетіктерін нығайтады. «Осы тұрғыдан алғанда, бұл бастама Қазақстан тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі болмақ», - деді ол.
Юсмади Юсоф, малайзиялық заңгер, қоғам қайраткері:
- Ең алдымен, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңа Қазақстан қалыптастыруда саяси батылдық танытқаны үшін құттықтағым білдіргім келеді. Бұл бастама стратегиялық маңызға ие және Қазақстанның дамуын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Билік тармақтарының халық мүддесіне барынша жақын жұмыс істеуіне бағытталған кез келген реформа дұрыс қадам.