Астанадағы «K-MARATHON» жарысына мыңнан астам желаяқ қатысты

Елордада "K-MARATHON" жүгіру жарысы өтті.

 Оған мыңнан астам адам қатысып, 6 шақырым қашықтықты еңсерді. Спорттық шара қыркүйек айында Сеулде өтетін «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті қарсаңында өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, "K-MARATHON" қазақ-корей халықтарының достығының символына айналып үлгірген. Бұқаралық іс-шараға Корея Республикасының Қазақстандағы Елшілігі бастамашы болды.

Чжон Кихон, Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі:

- Мен Қазақстанға осыдан екі ай бұрын келдім. Бірақ өзімді мұнда екі жылдан бері жүргендей сезінемін. Себебі қазір қос елде Корея мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық аясында көптеген жоба жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі марафонға Астана қаласының мыңнан астам тұрғыны қатысуда. Осы іс-шараның арқасында Корея мен Қазақстан арасындағы достық одан әрі нығая түседі деп үміттенемін. 

Ұлмекен Мелден, Астана қаласының тұрғыны:

- Бүгін ұйымдастырылып жатқан Орталық Азия - Корея Республикасы саммиті қарсаңында марафон ұйымдастырылып жатыр. Қашықтық 6 км, мен бірнеше рет осындай қатысқанмын. Жалпы айтатынымыз бәріміз салауатты өмір салтын ұстану. Бүгінгі күні көріп тұрғанымыздай, неше түрлі ұлт жүгіріп жатыр.