Елордада жас таланттардың халықаралық олимпиадасы өтіп жатыр

Әлем мықтылары Астанада. Еліміздегі спорттық бағдарламалау федерациясы ерекше бастаманы қолға алды. Жасанды интеллек және IT саласындағы ең үздік өрендерді жинап, халықаралық олимпиада ұйымдастырып жатыр.

Бұл жарыстың пайда болғанына көп өте қойған жоқ. Қазақстан тарихта үшінші болып әлемдік аламанды қабылдау құрметін алды. Байрақты бәсекеге 106 елден 500-ге жуық қатысушы жиналды. Бұл өзіндік рекорд болып саналады. Олар енді командалық және жекелей сындар бойынша бірнеше күн өзара мықтыны анықтайды. Тағы бір айта кетерлігі халықаралық олимпиаданы ұйымдастыруға бюджеттен бір теңге де бөлінбеді. Яғни, толықтай демеушілердің қолдауымен өткізіліп жатыр.