Елде 19 мыңнан астам шетелдік еңбек етеді

Қазақстанда 19 мыңнан астам шетелдік еңбек етеді. Олардың 3 мыңға жуығы басшылық қызметтерді атқарады. 

6 мыңнан астам маман мен білікті жұмысшы түрлі салаларда еңбек етіп жүр. Маусымдық жұмыстарға 5,6 мыңнан астам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде 4,3 мыңға жуық адам тартылған. Елде шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 2 мыңнан астам жұмыс беруші бар.

Шетелдік еңбек мигранттарының басым бөлігі құрылыс, ауыл, орман және балық шаруашылығы, өңдеуші өнеркәсіп, сондай-ақ тау-кен өндіру салаларында еңбек етеді.