Ақтөбе әуежайы жаңғыртылады. LIVE
Ақтөбедегі халықаралық әуежайға жаңа ұшып-қону алаңы салынады. Жаңа терминал бой көтереді. Бұл Әлия Молдағұлова атындағы әуе айлағының көлік-логистикалық әлеуетін арттыра түсуге тиіс.
Бұл ауқымды жоба қашан жүзеге асады? Құрылыс қашан басталады?
Мансұр Есқожин, тілші:
- Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайға аптасына 80-ге жуық әуе көлігі қонады. Олардың 71-і еліміздің өзге өңірлеріне қатынаса, 5-і халықаралық бағытта. Оның ішінде Шарм-эль-Шейх, Стамбул, Ташкент, Баку сияқты шаһарлармен тұрақты байланыс орнаған. Қараша айынан бастап Ақтөбеден Дубайға тікелей рейс ашылады. Яғни батыс өңірдегі әуе айлағы арқылы ұшып-қонып жатқан адам қарасы аз емес. Сағатына шамамен 400-ге жуық жолаушы өтеді. Сондықтан жаңа ғимарат салу туралы шешім қабылданған.