Ақтөбеде стадион мен театр салынып жатыр

Ақтөбеде стадион мен театр ғимараты салынып жатыр. Құрылыс қарқынымен Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев танысты.

Қос нысан да шаһардың жаңа шағын ауданында орналасқан. «Алтын орда» қоғамдық іскерлік орталығы болашақта Ақтөбенің мәдени және спорттық хабына айналуы тиіс. Жоспарға сай 700 орындық музыкалық драма театрдың екі көрермен залы бар. Өнер орталығы 2027 жылға  дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ал 35 мың адам сыятын стадион халықаралық талаптарға сай болады. Сәйкесінше ұлттық құрама ойындарын өткізетін спорт нысаны болмақ. 

Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

- Мемлекет басшымыздың тікелей тапсырмасымен облыс орталықтарында, өңірлерде жаңа стадиондар салынып жатыр. Соның біреуі Ақтөбе қаласында. 35 мың орындық. Заманауи. Ақтөбеде сұраныс болғаннан кейін әлемдік стандарттарға сай үлкен стадион салынып жатыр. Бұл әлемдегі керемет стадиондардың бірі болады деп сенеміз. Өйткені Үкіметтің де қатаң бақылауында болады. Мемлекет басшымыздың бұл назарында.