Мүгедек жандардың техникалық оңалту құралдарын қайта пайдалануға болады
Соған мүмкіндік беретін сынақ жобасы іске қосылады. Яғни бұрын құрылғыларды қайтару немесе қалпына келтіру мәселесі шешілмеген еді. Енді әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы жанындағы арнайы комиссия осы іспен айналысады. Мамандар әлеуметтік-техникалық сараптама жасап, жарамдылығы мен қауіпсіздігін растаса қолданысқа өтеді.
Жоба аясында техникалық оңалту құралдарын қайта жалдау нүктелері құрылмақ. Бұл тек құралдарды беру орны емес, сүйемелдеу жүйесі ретінде жұмыс істейді. Қабылдаудан бастап техникалық бағалау, санитарлық өңдеу, жөндеу, бейімдеу және пайдаланушыларға кеңес беру жағы пысықталған.