Елордада тазалық сақтаудың маңызы түсіндірілді
Елордадағы «Жетісу» саябағында тұрғындар мен демалушыларға қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызы түсіндіріліп, ақпараттық жадынамалар үлестірілді.
Іс-шараға Есіл ауданы әкімдігі мен полиция қызметкерлері қатысты. Азаматтарға қоғамдық орындағы тәртіпті еске салып, белгіленбеген аумақта пикник ұйымдастырмау туралы ескертілді. Ондай факті анықталған жағдайда азаматтар 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалауы мүмкін.
Әли Жолтабар, Есіл ауданы Ішкі саясат бөлімінің басшысы:
- Бүгінгі рейдтің басты рөлі адамдарға тазалықты сақтау жөнінде «Таза Қазақстан» қағидасын жеткізу. Тазалықты, ортамызды сақтау жөнінде жүргізілетін ақпараттық жұмыс. Бұл рейдтер бізде тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Полиция қызметкерлері егер де қоқыс тастау фактілері болса, 404 бап бойынша айыппұл төленеді.