Инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыруға 6,5 трлн теңге бөлінеді

Елде су саласын дамыту мен жаңғырту жұмыстары да қарқын алады. Тіршілік нәрімен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға Ұлттық қордан 284 млрд теңге бағытталып отыр, деп хабарлайды 24KZ.

Нәтижесінде 55 нысан қамтылады. Олардың қатарында магистральдық су құбырлары, тазарту құрылыстары, қорғаныс бөгеттері мен су бөгеттері бар. Жылу және газбен жабдықтау жүйелерін дамыту бойынша 67 жобаны жүзеге асыру жоспарланыпты. Мұнымен қоса, көлік инфрақұрылымын дамытуға 369 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражатқа бірқатар күре жолдар қайта жаңғыртудан өтеді, жаңа автомобиль жолдары, көпірлер салынып, 48 жоба жүзеге асырылады.

Сондай-ақ оқыңыз: