Талдықорғандық әулет 40 жылдан бері қала құрылысына үлес қосып келеді
Иә, шаһарлардың көркейіп, ұлғаюына құрылысшылардың қосып жүрген үлесі зор. Солардың бірі талдықорғандық Әділхан Азанбеков өмірін құрылыс саласына арнаған жан.
Ұлы да әке жолын қуып, бес жылдан бері осы салада тер төгіп келеді.
Олжас Азанбеков 2021 жылы инженер-технолог мамандығын меңгеріп шыққан. Алайда уақыт өте келе әулетте дәстүрге айналған кәсіпті жалғастыруға бел будым дейді.
Олжас Азанбеков, металл цехінің директоры:
- Біржылдай жиһаз шебері болып жұмыс істедім. Ұнамады деп айта алмаймын. Тек өзіме құрылыс жақын болған соң, әкем құрылысшы дегендей, бүкіл аға-бауырларым құрылысшы, сөйтіп құрылысқа кірдім. Бес жыл жұмыс істеп келемін. Құрылысшы мамандығын алдым. Университетті бітірдім.
Олжас бес ай бұрын жеке кәсібін бастады. Қазір ол металл бұйымдарды дайындаумен айналысады. Сол үшін арнайы лазермен кескіш қондырғы сатып алған. Бүгінде оның қолынан шыққан аялдамалар Талдықорған көшелерінің көркіне сән беріп тұр.
Әділхан Азанбеков, құрылысшы:
- 40 жылдан астам осы салада істеп келе жатқаннан кейін жұмыстың барлығы кезінде қолмен жасалатын. Содан кейін мұның сапасына айтпаймын, өрнеу заманына сай келтіре алмадық. Бірақ қазір интернет деген шықты ғой. Соған ұлымыз кіріп, бақылап, кейін осыған көштік. Қазір осы мамандықты игеріп, қалаға өз үлесімізді қосып жатырмыз.
Қазір цехте 11 адам жұмыс істейді. Азанбековтер болашақта өндірісті кеңейтіп, жаңа ғимаратқа көшуді жоспарлап отыр. Осылайша, туған қаласының көркеюіне үлес қосуды көздейді.
Авторы: Серік Селеубайұлы