24KZ арнасы «Жасампаз мекен» жаңа тележобасын ұсынады
Арнамыздан «Жасампаз мекен» атты жаңа тележоба көрерменге жол тартады.
Бағдарлама авторы Риат Шони елдегі ауқымды әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар туралы баяндайды. Бұл лайфстайл элементтері бар репортаждық трэвел-жоба. Бағдарлама көшпелі инспекциялар форматында әзірленеді: журналист өңірлердегі негізгі құрылыс алаңдарына барып, ахуалдың нақты жағдайын, жұмыс қарқынын, материалдардың сапасын және жалпыұлттық маңызы бар нысандардың пайдалануға берілуге қаншалықты дайын екенін тексереді. «Жасампаз мекеннің» басты мақсаты - нысандарды өз қолымен салып жатқан және оларды пайдаланатын адамдардың шынайы оқиғалары арқылы мемлекеттің жасампаз даму қарқынын көрнекі түрде көрсету. Алғашқы шығарылым Шығыс Қазақстан облысындағы ірі құрылыс алаңдарына арналады. Бүгін сағат 19:30-да «24 КЗ» арнасынан көріңіздер.