Каспий жағасындағы үлкен құрылыс
Каспий жағасында бір мезетте бірнеше ірі жоба жүзеге асып жатыр. Кендірліде жаңа әуежай салынып, болашақта ішкі және халықаралық рейстер ашу жоспарланған. Ақтауда Қазақстанда бұрын өндірілмеген, диаметрі 1420 мм-ге дейін жететін болат құбырлар шығаратын алғашқы зауыт бой көтеруде. Ал Маңғыстау теміржол вокзалы бұрынғысынан шамамен 12 есе үлкен заманауи кешенге айналып жатыр.
«Жасампаз мекен» бағдарламасының жаңа шығарылымында Риат Шони Каспий жағалауындағы ірі жобаларға журналистік аудит жасап, құрылыс қарқыны мен олардың Маңғыстау үшін шын мәніндегі маңызын зерттеді.
Маңғыстауда қандай үлкен өзгеріс басталды? «Жасампаз мекеннен» көріңіз.