Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйінің алғашқы жобасын өзі жасаған
Абай – ойшыл, аудармашы, сазгер, ағартушы, қара сөздің қадірін білген ақын ғана емес, сәулетшілік қабілетімен де ерекшеленген тұлға.
Жидебайдағы Абай мұражай-үйінің алғашқы жобасын Абайдың өзі жасаған. 1895 жылы інісі Оспаннан қалған ескі қыстаудың орнына жаңа, еңселі үй салғызды. Оспан 1891 жылы өмірден өткенде, бәйбішесі Еркежан Абайға әмеңгерлік салтпен тұрмысқа шыққан. Төрт жылдан кейін бой көтерген бұл шаңырақ ақынды шығармашылық кемеліне жеткізген ордасы іспетті. Жидебайдағы Абай үйі қазір республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш.
Нұржан Байтөс, ақын:
- Жергілікті құрылысшылар қатысып, Семей қаласынан шеберлер шақыртылған. Шыңғыстау өңірінде қала мәдениетіне сай салынған тұңғыш үй осы Абай үйі болып саналады.