Кәсіпкерлер де қағазбастылықтан арылады
Іскерлерге көрсетілетін қызмет түрлері цифрландырылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды.
Премьер-министр Олжас Бектенов бизнеске арналған құжатарды жыл соңына дейін eGov Business платформасына шығаруды тапсырды. Демек цифрландырумен қатар рұқсат беру әрі лицензиялау жүйесін жаңғырту жеделдетіледі. Мәселен, кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған қызметтердің 60%-ы әлі күнге дейін қағаз түрінде көрсетіліп келеді.
Сондай-ақ биыл соңына дейін Қазақстанның барлық өңірлерінде цифрлық жұмыспен қамту қызметі іске қосылады. Үкімет басшысы пилоттық режимде өзінің тиімділігін дәлелдеген цифрлық шешімдерді кеңейтуді тапсырды.