Оқушы сөмкесінің салмағы қанша болу керек?
Сабақтың басталуына аз ғана күн қалды. Сол себепті баласының оқуына қажет зат алу үшін ата-аналар базар, дүкен жағалап жүр. Жалпы кім нені, қандай дүние алғаны дұрыс?
Осы орайда Денсаулық сақтау министрлігі оқушы сөмкесінің салмағына қатысты кеңес берді.
Нормаға сәйкес, оның салмағы: 1-3 сыныпқа 2 келіден, 4-5 сынып екі жарым, 6-7-сынып оқушылары үшін үш жарым, 8 сыныптан жоғары төрт жарым келіден аспауы керек. Мектеп сөмкесінің ауырлығы бала салмағының 10 пайызынан жоғары болмауға тиіс. Мәселен, баланың салмағы 30 келі болса, сөмкесі 3 келіден аспауы шарт. Ал бос рюкзак әрі кетсе 1 келі болғаны жөн.