Ақмола облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Фото: depositphotos.com

Көкшетау мен Зеренді арасындағы тасжолда Mini Cooper және Audi маркалы екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысты, деп хабарлайды «24KZ».

Полицияның алдын ала мәліметінше, Mini Cooper көлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Audi көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ал Mini Cooper көлігіндегі тағы үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 

Mini Cooper жүргізушісі ұсталды. Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталды.

Жол апаты туристердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында қайта жаңғыртылып жатқан тасжол учаскесінде болған. Жоба аясында жолды кеңейтіп, үш жолақты реверсивті қозғалыс енгізу жоспарланған. Алайда жұмыстар әлі аяқталмаған. Қазір жолдың басым бөлігінде жолақ белгілері жоқ.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз