Құрылтай сайлауына елордалық 23 ҮЕҰ өкілі аккредиттелді
Алдағы Құрылтай сайлауына Астана қаласы бойынша 23 үкіметтік емес ұйым байқаушы ретінде аккредиттеуден өтті. Қазір оларға тиісті куәліктері беріліп жатыр.
Бұны елордадағы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бейсенбай Жұмабеков хабарлады.
Ал шет мемлекеттерден 650-ден астам байқаушы тіркелді. Бірақ олардың қатары тағы да артуы мүмкін. Айта кетерлігі, байқаушы болуға 18 жасқа толған партия немесе үкіметтік ұйым өкілі бола алады. Барлық байқаушыға тең құқық беріледі, алайда саяси партия өкілдері дауыстарды қайта санауды талап етеді алады. Байқаушылар сайлау кезінде заңнамада бекітілген нормалар шеңберінде өз қызметін жүзеге асырады. Ал белгіленген тәртіпті бұзғандарға 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл тағылады.
Бейсенбай Жұмабеков байқаушылар тарапынан биылғы саяси додаға деген қызығушылықтың жоғары екенін ерекше атап өтті.
Бейсенбай Жұмабеков Астана қ. Аумақтық сайлау комиссияның төрағасы
- Байқаушылардың пікірлері біз үшін өте маңызды. Ол кісілер арқылы біз өзіміздің тазалығымызды, біздің заң тұрғысынан жүру белгісін айтып отырамыз. Сондықтан байқаушылар өз құқықтарын біліп, өзін жоғары деңгейде ұстау керек деп ойлаймын. Ол кісілерге барлық жағдайды жасап жатырмыз.