Астанада тазалық сақтаудың маңызы түсіндірілді

Жыл басынан бері елордадағы Сарайшық ауданында қоғамдық орындарды ластаған  3 жарым мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен заң бұзушыларға айыппұл салынып, қоғамдық жұмыстарға тартылды. Ал бүгін Астанадағы Президент саябағында демалушыларға тазалық сақтаудың маңызы түсіндіріліп, арнайы жадынамалар таратылды. Рейд «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтті. Іс-шараға полиция қызметкерлері мен құтқарушылар қатысты. Олар тұрғындарға қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелерін түсіндіріп, суға түсуге тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайтынын ескертті.

Азамат Қалдыбаев, Сарайшық ауданы Полиция басқармасының Экология бөлімінің инспекторы:

- Қазіргі таңда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акция рейдтік іс-шара жүргізілді. Іс-шара барысында ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 501 бабының 1 бөліміне сәйкес, абаттандыру қағидаларын бұзу фактілер анықталып, құқық бұзушылыққа тиісті әкімшілік хаттамалар қабылдануда.