Жүргізушілердің назарына: Астана – Қарағанды – Алматы автожолында қозғалыс шектелді

Фото: depositphotos.com

Алматы облысында жөндеу-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты республикалық маңызы бар KAZ01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автомобиль жолының бір учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды «24KZ».

«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, шектеу 2026 жылғы 17–20 тамыз аралығында күн сайын сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін 1177-шақырымнан (Ақсай ауылы) 1186-шақырымға (Жібек Жолы ауылы) дейінгі аралықта қолданылады.

Көрсетілген уақытта аталған учаскеде барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы шектеледі.

Жабық учаскені айналып өту үшін мына бағыт қарастырылған:

«Ақсай – Байкент» → «Байкент – Боралдай» → «Боралдай – Жібек Жолы».

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз