Балалардың денсаулығы алаңдатады: 242 мың баладан түрлі ауру анықталды

Фото: depositphotos.com

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 2,3 млн бала профилактикалық медициналық тексеруден өтті. Оның ішінде 242 мың баладан (11%) түрлі ауру анықталды, деп хабарлайды 24KZ.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеуінше, балалар арасында ең жиі кездесетін аурулардың қатарында тісжегі, қаназдық және миопия бар.

86,7 мың бала одан әрі ем алу үшін тұрғылықты жері бойынша емханаларда динамикалық бақылауға алынды.

Соңғы үш жылда мектептердегі медициналық пункттердің жарақтандырылу және мамандармен қамтылу деңгейі 95%-ға дейін өсті.

Стоматологиялық аурулардың алдын алуға да ерекше көңіл бөлінуде. «Болашаққа сау тіспен» жол картасы аясында 2025 жылдан бері білім беру ұйымдарындағы стоматологиялық кабинеттердің саны 145-тен 288-ге дейін арттырылды.