Білім беру ұйымдарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексерілді
Жаңа оқу жылы
қарсаңында елдегі барлық білім беру ұйымының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексерілді.
Қазір нысандардың 100 пайызы бейнебақылаумен және дабыл түймелерімен жабдықталған. Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі мәлімдеді. Ержан Сәденовтың айтуынша, білім ордаларының маңындағы жол инфрақұрылымы да қадағаланды. Бүгінде балалардың қауіпсіздігін арттыру үшін республика бойынша «Назар аударыңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Оның аясында қиын өмірлік жағдайдағы оқушылармен жұмыс жүргізу және балаларды тасымалдайтын автобустардың техникалық жайын тексеру секілді бірқатар шара қолға алынған.