FlyArystan Дубайға рейстерді тоқтату мерзімін қыркүйектің соңына дейін ұзартты
FlyArystan әуе компаниясы Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтату мерзімін 30 қыркүйекке дейін ұзартты, деп хабарлайды 24KZ.
Компанияның мәліметінше, мұндай шешім Таяу Шығыстағы жағдайдың әлі де тұрақсыз болуына байланысты қабылданған.
Қазір Ақтау – Дубай – Ақтау бағытына билеттерді 3 қазаннан бастап қысқы ұшу кестесі аясында сатып алуға болады.
Жағдай өзгерген жағдайда әуе компаниясы қосымша ақпарат беретінін хабарлады.
Бас тартылған рейстердің жолаушыларына билеттерін айыппұлсыз тегін ауыстыруға немесе билет құнын толық қайтаруға мүмкіндік беріледі. Ол үшін жолаушылар билетті сатып алған жеріне жүгінуі қажет.