Астанада 21 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды

Астанада 2005 жылы табылған зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйітіне қатысты жаңа дерек анықталды. Айғақтардың жеткіліксіздігінен қылмыстың бетін дер кезінде ашу мүмкін болмаған.

Ал биыл полиция қызметкерлері архивті қайта зерделеп, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдіктілер ұсталып, кінәларын мойындаған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қанат Нұрмағамбетов, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы:

- Қылмысқа қатысы бар Павлодар облысының екі тұрғыны анықталды. Тамыз айында күдіктідер ұсталып, кінәларын мойындады. Қазіргі уақытта екеуі де қамауда. Тергеу жалғасуда. Өткен жылдардағы қылмыстарды ашу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.