Qazbot Robotics & AI кешенінің құрылысы басталды

Бұл жайлы елордада өткен QAZBOT ROBOTICS FORUM 2026 форумында айтылды.

Аlem.ai алаңында ұйымдастырылған іс-шарада гуманоидты роботтар өндіретін әлемдегі жетекші компаниялар бас қосып, өз өнімдерін таныстырды. AgiBot  құлтемірлердің мүмкіндіктері көрсетілді. Жиынның мақсаты отандық AI саласын дамыту, технологияларды жергіліктендіру, инженерлік кадрларды даярлау.