Талдықорғанда жол апатынан бір адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті
Талдықорғанның айналма жолында екі автокөліктің қатысуымен адам өліміне әкелген жол апаты болды, деп хабарлайды «24KZ».
Жетісу облысының Полиция департаменті мәлімдегендей, жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үш адам медициналық мекемеге жеткізілді.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Жетісу облысының Полиция департаменті жүргізушілерді Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, маневр жасау және жол қиылыстарынан өту кезінде аса сақ болуға, қарсы бағытта келе жатқан көліктерге жол беруге және қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдауға шақырады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз