Қызылорда облысында 6200 пәтер беріледі
Қызылорда облысында биыл 950 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жалпы өңірде кейінгі төрт жылда 7600 пәтер табысталды.
Нәтижесінде 30 мыңнан астам тұрғын қоныс тойын тойлады. Алдағы екі жылдың межесі де айқын. 2026-2027 жылдары тағы 6200-ден астам отбасы баспаналы болады. Құрылыс тек облыс орталығымен шектелмейді. Қазір аудан орталықтарында 1200 пәтер бой көтеруде. Мысалы, Қармақшы ауданында биыл 200 пәтер тапсырылмақ. Бүгінде құрылыстың 35 пайыздан астамы аяқталды. Нысан жыл соңына дейін ел игілігіне беріледі.
Самат Қабақов, Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
- Биылғы 2026 жылға 3 бөлмелі және 2 бөлмелі пәтерлер салынып жатыр. Себебі қазір өзінің талаптарына сәйкес 1-2 адам тұратын тұрғыны бар үйлерде, кезекте тұрған азаматтарға екі бөлмелі пәтер тапсырылатын болса, көп балалыларға әрі қарай 3 бөлмелі пәтер тапсырылатын болады.