Павлодар облысында 522 сайлау учаскесі Құрылтай сайлауына дайын

Дауыс беру күні учаскелердегі қауіпсіздік басты назарда болады. Барлық нысан алдын ала техникалық және өрт қауіпсіздігі талаптарына тексерілді.

Сайлау күні учаскелерде полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қадағалайды. Қажет болған жағдайда жедел әрекет ету тәртібі де алдын ала пысықталған. Сонымен қатар сайлау бюллетеньдерін жеткізу және күзету жұмыстары қауіпсіздік талаптарына сай ұйымдастырылады.   

Гүлнар Аманжолова, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Сайлау күні барлық сайлау учаскелерінде ішкі істер органдарының қызметкерлері кезекшілік етеді. Егер қандай да бір келеңсіз жағдай туындаса, олар дауыс беру бөлмесіне тек сайлау комиссиясы төрағасының шақыруымен кіреді. Қоғамдық тәртіп қалпына келтірілгеннен кейін немесе комиссия төрағасының өтініші бойынша дауыс беру бөлмесінен дереу шығуға міндетті.