Елнара, Елнияр, Елдияр: Павлодарда үшем дүниеге келді
Павлодар ауданына қарасты Кемеңгер ауылында тұратын көпбалалы отбасы Ермек пен Елдана Түсіпбековтердің шаңырағында үшем өмірге келді. Осылайша, отбасында балалар саны жетіге жетіп, анасы «Алтын алқа» иегері атанбақшы, деп хабарлайды «24KZ».
Сәбилер өмірге келгенге дейін Ермек пен Елдана төрт бала – үш ұл мен бір қыз тәрбиелеп отырған. Жұбайлар кезекті жүктілік табиғи жолмен болғанын және тағы бір қыз баланы жоспарлағанын айтады. Қуаныштарына орай, отбасы бірден бір қыз пен екі ұлмен толықты, - деп хабарлады өңірлік денсаулық сақтау басқармасынан.
Бұл шаңырақтың өзіндік ерекше дәстүрі де бар: барлық балалардың есімдері «Е» әрпінен басталады. Жаңа туған сәбилерге де дәстүр бойынша Елнара, Елнияр және Елдияр деген есімдер берілген.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз