Атырау әуежайында бетін тұмшалаған алты әйел жауапқа тартылды
Атырау әуежайында, яғни қоғамдық орында адамның бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім киген алты жолаушы анықталды, деп хабарлайды 24KZ.
Полиция мәліметінше, құқық бұзушылардың барлығы Атырау қаласының тұрғындары. Олар Атырау–Стамбұл бағытындағы әуе рейсімен шетелге ұшып кеткен.
Азаматтар Қазақстанға оралғаннан кейін қоғамдық орындарда бет-жүзді тануға мүмкіндік бермейтін киім киюге қатысты заң талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар олармен түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілді.
Көлік полициясы заңнамада белгіленген талаптарды сақтау көлік инфрақұрылымы объектілерінде аса маңызды, өйткені мұнда жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтардың жеке басын уақтылы анықтау зор маңызға ие екендігін еске салады, деді полиция өкілдері.