Зайсан әуежайын сертификаттау басталды

Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды. Бұл жұмыстарды Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жүргізіп жатыр. Әуежайдағы ұшу-қону жолағы, перрон, кірме жолдар, инженерлік желілер құрылысы аяқталды, деп хабарлайды 24KZ.


Жарық-сигналдық және радионавигациялық жабдықтар орнатылды. Катонқарағай әуежайының құрылысы да аяқталуға жақын. Қос нысан келер жылы пайдалануға беріледі. Зайсан әуежайының құрылысына 68 млдр. теңге, Катонқарағай әуежайына 89 млрд. теңге бөлінді.

Әсет Сұлтанов, ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

– Қазір Катонқарағай әуежайындағы құрылыс жұмыстары 80 пайызға орындалды. Келер жылдың ақпанында біз барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтаймыз. Содан кейін жабдықтарды іске қосуға кірісеміз.

Сондай-ақ оқыңыз: