Дауыс беру күні толтырылған бюллетеньді фотоға түсіруге және таратуға болмайды

Фото: depositphotos.com

23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарын сайлау кезінде толтырылған бюллетеньді суретке немесе бейнеге түсіріп, оны таратуға тыйым салынады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында комиссия мүшесі Ләззат Сүйіндік мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру күні толтырылған бюллетеньді фотоға немесе бейнежазбаға түсіруге және оны таратуға болмайды.

Алайда сайлаушылардың сайлау учаскесінде суретке түсуіне шектеу қойылмайды. Мысалы, азамат дауыс беру жәшігінің жанында немесе бюллетеньді жәшікке салып жатқан сәтінде суретке түсе алады. Бастысы – оның қай партияға немесе кандидатқа дауыс бергені көрінбеуі керек.

Комиссия мүшесінің айтуынша, бұл тыйым тек дауыс беру күніне қатысты. Сондықтан сайлау аяқталғаннан кейін мұндай материалдарды таратуға шектеу қойылмайды.