Саясаттанушы: Соңғы бес жылда Қазақстанда ресми институттардың рөлі артты
«Тәуелсіз кредиттік рейтингтің жоғарылауы елде жүргізіліп жатқан ұтымды әрі прагматикалық шешімдердің нәтижесі», - дейді саясаттанушы Ғазиз Әбішев.
Елде мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру және жетілдіру жұмыстары өз жемісін бере бастаған. «Кейінгі бес жылда ресми институттардың рөлі артты», - дейді саясаттанушы.
Ғазиз Әбішев, саясаттанушы:
- Қазақстан соңғы бес жылда ішкі саясатты рационалдандыру және прагматикалық бағытқа көшіру жолында трансформациядан өтті. Қазір басты басымдық – Қазақстанның түрлі сыртқы және ішкі толқындарға төтеп бере алатын тұрақты мемлекет болуы. Бейресми тұлғалық және қаржылық ықпал орталықтарының, қаржы-өнеркәсіптік топтардың рөлі төмендеді. Олардың ықпалы айтарлықтай азайды.