Елде Құрылтай есімді 10 адам тұрады

Елде Құрылтай есімді 10 адам бар. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлаған болатын.

Олардың алтауы - ер адам, төртеуі - әйел. Есімі бірегей азаматтардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында тұрады. Екеуі Алматыда. Ал Абай, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау өңірлерінің әрқайсысында бір адамнан тіркелген. Жас ерекшелігіне келсек, бесеуі алпысты алқымдаған азамат. Ең үлкені - сексенде.   

6 - ер адам

4 - әйел 

Шығыс Қазақстан облысы - 4 адам

Алматы - 2 адам

Абай облысы - 1

Жамбыл облысы - 1

Қарағанды облысы - 1

Маңғыстау облысы - 1