Астаналықтар дауыс беріп жатыр. LIVE
Таңмен таласа тұрған астаналықтардың бір бөлігі өз таңдауларын елордадағы 274-ші сайлау учаскесінде де жасап жатыр. Мұнда Сарайшық ауданында тұратын жұртшылық дауыс береді.
Есләм Рысмұхамбетов, қала тұрғыны:
- «Ертең тұрамыз» деп жұбайымыз екеуіміз ақылдасып, міне, келдік дауыс беруге. Енді ойлаймыз елімізде, Жаңа Қазақстанда өзгеріс болады деп. Соған сеніп, үмітімізбен келіп отырмыз.
Фатиха Рысмұхамбетова, қала тұрғыны:
Жақсылық болсын, тыныштық болсын дейміз. Өзіміз Президентке сенеміз.
Құжаттарға жылдам қол қойылады дейді. Неге десе, бұрын Мәжіліске келеді, одан Сенатқа барады.