40-тан астам елде сайлау учаскелері жұмыс істеп жатыр
Әлемнің 40-тан астам елінде Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарын сайлау учаскелері жұмыс істеп тұр. Жалпы 61 шет мемлекеттегі Қазақстанның өкілдіктері жанында 79 учаске бар. Алғаш болып Жапония мен Оңтүстік Корея дауыс беруді бастады. Кейін Қытай, Сингапур, Моңғолия, Малайзия, Таиланд, Вьетнам және Индонезияда жүрген отандастарымыз өз таңдауын жасап жатыр.
Дауыс беру процесі сондай-ақ Ресей, Үндістан, Орталық Азия елдері, Пәкістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Түркия, Эстония, Грекия және басқа да мемлекеттерде белсенді түрде жүріп жатыр. Бірер сағаттан кейін Еуропадағы сайлау учаскелері де өз жұмысын бастайды.