Халықтың депозиттегі ақшасы 30 трлн теңгеден асты
Қазақстандықтар ақша жинауда рекорд орнатты. Жеке тұлғаларға тиесілі жинақтың жалпы көлемі 30 трлн теңгеден асты.
Бұл – екінші тоқсандағы есептің нәтижесі. Яғни депозит бірінші тоқсанға қарағанда 2 трлн теңгеге тағы көбейген. Мұны біз емес, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мәлімдеді. Сөйтіп, бұл – сома салаға кепілдік жүйесі енгізілгелі бері ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Есесіне жеке тұлғалар депозитінде доллар азайды. Тіпті кейінгі 20 жылды алғанда тарихи минимумге түскен. Мамандардың айтуынша, мұндай нәтижеге инфляцияның бәсеңдеуі мен ұлттың валютаның нығаюы ықпал еткен.