Шымкентте есірткі өткізді деген күдікпен екі адам ұсталды

фото: depositphotos.com

Шымкентте «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында синтетикалық есірткі таратумен айналысты деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлайды 24KZ.

Полиция мәліметінше, күдіктілердің бірі – ер адам. Одан жалпы салмағы шамамен 2 келі мефедрон тәркіленген. Сонымен қатар есірткіні өлшеп, орауға арналған электронды таразы мен zip-lock пакеттері табылған.

Сондай-ақ жедел-профилактикалық іс-шара аясында синтетикалық есірткі өткізді деген күдікпен қала тұрғыны ұсталды. Тінту кезінде одан жалпы салмағы 200 грамнан асатын есірткі салынған төрт пакет тәркіленген.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.