Елде тоқ тұтыну көлемі артады

Күз бен қыста тоқ орнына шам жағып қалмас үшін қазірден қам жасау керек. Өйткені өткен жылға қарағанда биыл электр энергиясын тұтыну көлемі 2 млрд кВт сағатқа артады.

Өсім – 3 пайыз. Оңтүстік аймаққа оңай соқпайын деп тұр. Қуатқа қажеттілік 5 100 МВт болуы мүмкін. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 700 МВт-қа көп. Бірақ тапшылық «Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік» транзиті ағыны есебінен жабылмақ. Халық жарықтан қысылмасын десе жауаптылар да жарықтай жылдам қиымлдау керек. Премьер-министр «KEGOC» басқарма төрағасы Нәби Айтжановқа тапсырма жүктеді.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Сіз атап өткен оңтүстік аймақты күшейту және батысты бірыңғай энерго жүйесіне қосу сынды екі аса маңызды жоба бар. Барлық жұмыстар сапалы, уақтылы  жүргізілуге тиіс. Өте маңызды, стратегиялық маңызы бар нысандар. Нұрлыбек Машбекұлы жеке бақылауыңызға алыңыз.