Елде жылыту маусымына дайын емес өңірлер белгілі болды. Live

Қазақстанда кей өңірлердің қысқа әзірлігі төмен. Алматы, Ақтөбе облыстары мен Шымкент, Алматы қалаларында жылыту маусымына дайындық жұмыстары тиісті деңгейде атқарылмай отыр.

Жауаптылардың жауапты кезеңдегі сылбыр әрекетін бүгін үкімет басшысы сынға алды. Аймақ әкімдеріне бірқатар ескертпе айтты.