Самокат туралы тыйым: полиция мұқият түсініктеме берді

Жол көлік қозғалысы ережелесіне елеулі өзгеріс енгізілді.

Енді электросамокат тізгіндегендерге жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тыйым салынды. Сол секілді кикшеринг компанияларға да талап күшейді.

Бұл өзгерістер 25 тамыз, яғни бүгіннен бастап күшіне енді. Бұл жайлы Ішкі істер министрлігінің мамандары мәлімдеген еді. Жаңа талап жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Енді нақты қандай ережелер енгізіліп, түзетулермен толықтырылды?

Бүгіннен бастап самокатшыларға жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тыйым салынады. Енді олар жолдың оң жақ шеткі бөлігімен қозғалады. Ол үшін қолданушылар 18 жасқа толған және жүргізуші куәлігі болу қажет. Сол секілді қорғаныш құралдары, түнгі уақытта жүрсе арнайы жарық қайтарғыш элементтерді пайдалануы тиіс. Ал аталған аумақтан өткен кезде жүргізуші самокаттан түсуі керек. 

Жолдың оң жақ шеткі бөлігімен

18 жасқа толған азаматтар

Жүргізуші куәлігінің болуы

Қорғаныш құралдары

Жарық қайтарғыш элементтер  

Альфия Әлбосынова, Астана қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:

- Бұл жол қауіпсіздікті арттыруға, жол қөлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған. Бұл өзгерістерге не айтылады? Жаңа талаптарға сай самокаттардың жүргізушілеріне жаяу жүргіншілерінің жолымен жүруге тыйым салынады. Яғни қозғалыс велосипед жолымен немесе жолақтары арқылы жүзеге асуы тиіс. Немесе жол жүру қағидаларында көзлдеген жағдайда жолдың оң жақ шетімен немесе жол жиегімен жүруге рұқсат етілген. 

Бұдан бөлек жаңа талаптарға сәйкес самокаттармен жүк және жолаушы тасымалдауға тыйым салынады. Жалға берілетін электросамокаттарға да жаңа талаптар қойылды. Енді көлік түрі реттік нөмірімен және сақтандырумен жабдықталуы тиіс. Ал кикшеринг компаниялары техникалық жағдайын, жылдамдығын және орналасқан жерін бақылауға міндеттеледі. Бұған бағынбайтындарға жауапкершілік те қаралған.

Жүк және жолаушы тасымалдауға

Реттік номерінсіз қозғалуға

Сақтандырусыз жүруге

Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі:

- Арендаға беретін компаниялар электросамокаттарын сақтандыру полисі арқылы дайындап қояды. Яғни сіз электр самокатын қолданушы ретінде қолдануға алған кезде автоматты түрде онлайн түрде договорға қол қоясыз, сол кезде сізде бірден сақтандыру полисі болады, қолдану уақытында. Яғни сіз самокатты басқару кезінде жол көлік оқиғасына түссеңіз, тағы да бір тәуекелде түскенде сақтандыру полисін қолдана отырыып материалдық шығындарды келтіруге мүкіндігіңіз болады.

Өзгерістер жүргізушілер мен жүргіншілердің қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Оған себеп те жоқ емес. Жолда жазатайым жағдайлар жиіледі. Жыл басынан бері мопед жүргізушілерінің ереже бұзуынан 390 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 33 адам мерт болып, тағы 461-і мертікті. Велосипедшілердің кінәсінен 169, шағын электр көлік құралдарын басқарушылардың кесірінен 97, электрсамокат қатысуымен 47 жол-көлік оқиғасы болған. Осы апаттарда 329 кәмелетке толмаған бала зардап шегіп, 10 бала қаза тапты. Сонымен бірге мұндай көлік құралдарын пайдаланушылардың өздері де зардап шекті. 145 электросамокат, 82 мопед жүргізушісін, 52 шағын электр көлік құралын мінгендерді көлік қаққан. Салдарынан төрт адам қаза тауып, 300-ге жуық адам түрлі жарақат алған. Бас прокуратура жолдағы қауіпсіздікті сақтауға шақырады.

Жыл басынан бері тіркелген жол-көлік оқиғалары

мопед - 390 жол апаты

33 адам қаза тауып, 461 адам жарақат алған

велосипед - 169

шағын электр көлік құралдары - 97

электрсамокат - 47 жол-көлік оқиғасы

329 бала зардап шекті

10 бала қаза тапқан 

Көлік қағып кеткен жүргізушілер саны

145 электросамокат жүргізушілерін

82 мопед жүргізушілерін

52 шағын электр көлік құралдары жүргізушілерін

4 адам қаза тауып, 300 адам түрлі жарақат алды

Шернияз Жалғасбекұлы

Сондай-ақ оқыңыз: