Солтүстікке 7,6 мың адам қоныстанды

Ел халқы жыл санап өсіп келеді. Ұлттық статистика бюросының есебіне сүйенсек, 1 шілдеде халық саны 20 млн 590 мың 589-ға жетті.

Дегенмен ауылда тұратындар азайып барады. Яғни 2024 жылы ауылдық жерде 7 млн 582 мыі 542 адам өмір сүрсе, кейінгі екі жылда ауылдықтар саны 167 мыңға азайған. Әрине, Үкімет ауылға адам тарту үшін кешенді жұмыс жүргізіп келеді. Қазір «Ауыл аманаты», «Дипломмен – ауылға» сынды бағдарламалардан бөлек, инвестициялық жобалар, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жұмыстар жүзеге асып жатыр. Сонымен қатар халқы тығыз өңір тұрғындарын солтүстік пен шығысқа көшіруді көздеген шаралар қолға алынды. Қоныстанушыларға баспанамен қатар, жұмыс орындары ұсынылып, түрлі қолдау қаржысы беріледі. Соның арқасында былтырдың өзінде 8 мыңға жуық адам солтүстік өңірлерге қазығын қақты.

Барлығы – 20 590 589 адам

Ауыл халқы

2024 жылы – 7 582 542 адам

2026 жылы – 7 414 712 адам

Сондай-ақ оқыңыз: