Көкшетауда жылыту маусымына дайындық аяқталды

Көкшетаудағы жылу қазандықтарын жөндеу жұмыстары 90 пайызға аяқталды. Қазір қала ішіндегі тозығы жеткен жылу құбырлары жаңартылып жатыр.

Жөндеу жұмыстары 15 қыркүйекке дейін жүргізіледі. Себебі келер айдын ортасынан бастап қалаға жылу беріле бастайды.

Көкшетауда жылу желілерін жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы 190 шақырымнан астады. Қазір соның 43 пайызы ескірген. Мамандар сол тозығы жеткен құбырларды біртіндеп ауыстыруда. Осы жылдың өзінде 4 шақырымға жуық желі жаңартылмақ.

Қазір қаладағы Саин және Домбыралы көшелерінің қиылысында құбыр ауыстыру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Мұнда бұрынғы апатты жағдайдағы жылу желілері толықтай ауыстырылған. Тиісті жұмыстар келер айдын басында аяқталады. Сондай-ақ жылуға жауапты мамандар көпқабатты тұрғын үйлердің жылу жүйелерін де тексеріп, тазалап жатыр.

Талап Егінбаев, Коммуналдық мекеменің бөлім жетекшісі:

- Тұрғын үйлердің жертөрелеріндегі инженерлерлік желілерді де тазалап жатырмыз. Қазіргі таңда қаладағы 1701 үйдің 744-і жылыту маусымына толығымен дайын деп айта аламыз. Қалған баспаналардағы жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Ал, жылу маусымына уақытында дайындалмаған үйлерге арнайы сараптама жүргізіп, құзырлы орган өкілдеріне жібереміз. Олар кейін ескерту жасайды немесе айыппұл салады.

Жалпы жылыту маусымына өңірде Үкіметтен 1 млрд 200 млн теңге бөлінді. Қомақты қаржыға тек ескірген желілер ғана емес, жылу қазандықтары да жөнделіп жатыр. Өйткені, жарты ғасырға жуық істеп тұрған қазандықтар тоза бастаған. Биыл мұндағы алты қазандықтың төртеуі жаңартылған. Аталмыш мекеме 56 мыңнан астам халықты жылумен қамтамасыз етеді. Көмір қоры да жасақталып жатыр.

Руслан Мәкішев, «Көкшетау жылу» кәсіпорнының бас директоры:

- Биылға белгіленген көмір қоры 8 айға 350 мың тонна кетеді. 20 мың тонна мазут бөлінеді. Қазір бастау үшін өзімізде 9 мың тонна көміріміз бар. 1-2 мың тоннадай мазутымыз бар. Бірақ қыркүйек айында бізге алты маршрут 27 мың тонна көмір келе бастайды.

Ал облыс бойынша биыл 32 жылу қазандығы толығымен жаңартылтылып жатыр. 36 шақырымнан астам жылу желісі жөнделеді. Бұл жұмыстарға ел қазынасынан 44 миллиард теңге бөлініп отыр.

Авторлары: Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкаренко

Сондай-ақ оқыңыз: