Шымкентте қоғамдық көлік картасының бағасы қымбаттайды

фото: depositphotos.com

1 қазаннан бастап Шымкентте қоғамдық көлікте қолданылатын көлік картасының бағасы өзгереді, деп хабарлайды 24KZ. 

«Smart Mobility» ЖШС директоры Ақылбек Ахметуәлидің айтуынша, қоғамдық көлік картасының құны 550 теңгеден 800 теңгеге дейін қымбаттайды.

Оның сөзінше, бұған картаны өндіру, тасымалдау және басқа да операциялық шығындардың өсуі себеп болған. Қазан айына дейін қала тұрғындары, оның ішінде мектеп оқушылары мен студенттер картаны бұрынғы бағамен сатып ала алады.

Компания басшысының айтуынша, көлік картасының бағасын көтеру өткен жылы жоспарланған. Алайда тұрғындарға қолайлы болу үшін оның бағасы бір жыл бойы 550 теңге деңгейінде сақталған. Бұл ретте бір картаның өзіндік құны шамамен 780 теңгені құрайды.

Көлік картасын алу үшін мектеп оқушылары Шымкенттегі мектептердің бірінде оқитынын растайтын анықтама ұсынуы қажет.

Оқушы туралы мәліметтер жүйеге бір рет енгізіліп, мұрағатта сақталады. Сондықтан карта жоғалған жағдайда анықтаманы қайта ұсынудың қажеті жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз: